Accessibility links

Домодедово әуежайының иесі ұсталды


Мәскеудегі Домодедово әуежайының иесі Дмитрий Каменщик.

Мәскеудегі Домодедово әуежайының иесі Дмитрий Каменщик.

Ресейдегі ең ірі әуежай - Мәскеудегі Домодедово әуежайының иесі Дмитрий Каменщик ұсталды. Каменщикке 2011 жылы теракт болған кездегі әуежайдағы қауіпсіздік шараларына қатысты айып тағылды. Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, Каменщик адамдарды әуежайға кіре берісте тексеруден өткізетін жаңа жүйені енгізген. Билік бұл жүйе әуежайдағы қауіпсіздік деңгейін төмендеткен дейді.

Осы айдың басында Домодедовоның бұрынғы және қазіргі үш қызметкеріне айып тағылған. Осы аптаның басында өткен баспасөз конференциясында Каменщик құжаттар мен видожазбаларды көрсетіп, тергеу комитетінің үш қызметкеріне таққан айыбын жоққа шығарған. Оның пікірінше, үш қызметкердің іс-әрекетінде қылмыс болмаған.

2011 жылы әуежайда жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, 30 адам қаза тапқан еді.

XS
SM
MD
LG