Accessibility links

"Вымпелком" коррупция ісіне қатысты 795 миллион доллар төлемек


"Вымпелком" компаниясы иелік ететін "Билайн" ұялы байланыс операторының кеңсесі, Мәскеу (Көрнекі сурет).
"Вымпелком" компаниясы иелік ететін "Билайн" ұялы байланыс операторының кеңсесі, Мәскеу (Көрнекі сурет).

Нидерландыда орналасқан және Ресейдегі ең ірі ұялы байланыс операторын басқаратын "Вымпелком" компаниясы Нидерланды мен АҚШ билігінің Өзбекстанда пара берді деген айып таққанына қатысты дауды реттеу үшін 795 миллион доллар төлеуге келісті.

АҚШ әділет министрлігінің мәліметінше, компания өзбекстандық шенеуніктерге Өзбекстан нарығына кіру үшін пара бергенін мойындаған. Халықаралық деңгейде жүргізілген тергеуге Өзбекстандағы коррупциялық жанжалға қатысы бар деп күдікке ілінген бірнеше ірі телекоммуникациялық компания іліккен.

Ресми түсініктемесінде "Вымпелком" басшысы Жан-Ив Шарлие "қатты өкінетін заң бұзушылық" болғанын айтқан. АҚШ әділет министрлігінің мәліметінше, компания 2006-2012 жылдары өзбек билігі өкіліне лицензия алу үшін 114 миллион доллар бергенін мойындаған. Пара берілген адамның аты-жөні жарияланбағанымен, сот құжаттары мен басқа да ақпарат құралдарынан алынған мәліметтер ол адамды Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримова деп көрсетеді.

Министрлік "Вымпелком" 230 миллион доллар қаржы айыппұл төлеуге келіскенін, ал АҚШ билігі компанияның Швейцариядағы есепшотындағы 550 миллион доллар қаржысын бұғаттамақ ниетте.

"Вымпелком" компаниясын бірнеше делдал фирмалар арқылы ресейлік олигарх Михаил Фридман бақылайды.

XS
SM
MD
LG