Accessibility links

Швеция соты өзбек имамы ісіне қатысты шағымды қарады


Швецияның Эстерсунд қалалық соты (Көрнекі сурет).
Швецияның Эстерсунд қалалық соты (Көрнекі сурет).

Швеция соты өзбек имамы Обидхон қари Назаровқа қастандық жасады деп айыпталып, 18 жылға сотталған Өзбекстан азаматы Юрий Жуковскийге қатысты апелляциялық шағымдарды қарады. Азаттықтың Өзбек редакциясының хабарлауынша, Назаровтың туыстары апелляциялық сот шешімі 1 наурызда жарияланатынын айтқан.

37 жастағы Жуковскийге алғашқы сот үкімі желтоқсанда Швецияның Эстерсунд қаласында шыққан. 18 ақпанда өткен апелляциялық процесте Назаровтың адвокаттары соттан Жуковскийге кесілген жазаны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға және бұл қылмыстың "тапсырыспен жасалғанына" назар аударуды сұрады.

Жуковскийдің адвокаты оның қылмысқа қатысы жоғын айтып, соттан оны босатуды немесе жаза мерзімін азайтуды сұрайды. Судья Жуковский апелляциялық сот шешімі жарияланғанша қамауда болатынын айтты.

Юрий Жуковский биыл 25 тамызда Обидхон қари Назаровқа қастандық жасап, оқ атты деген күдікпен Ресейден Швецияға экстрадицияланған. Обидхон Назаров 1998 жылы Өзбекстаннан кетіп қалғаннан кейін 2006 жылы Швециядан баспана алған. 2012 жылы Назаровқа өзі тұратын Швецияның Стромсунд қаласында шабуыл жасалып, басына оқ тиген. Шабуылдан имам тірі қалса да, әлі емделіп жатыр.

XS
SM
MD
LG