Accessibility links

Ресей Арменияға қару сатып алуға несие бермек


Ресейдің "Смерч" реактивті дүркіндете ату жүйесі

Ресейдің "Смерч" реактивті дүркіндете ату жүйесі

Мәскеу Арменияға ресейлік қару-жарақты сатып алуына 200 миллион доллар көлемінде несие береді. Бүгін Ресейдің құқықтық ақпарат сайтында жарияланған хабарламаға қарағанда, экспорттық несие он жыл мерзімге беріледі. Бұл қаржыға Армения "Смерч" реактивті дүркіндете ату жүйесі мен "Игла-С" зенит-зымыран кешенін, жер бетіндегі радиотехникалық барлау кешенін, дәлдеп ататын винтовкалар мен сауытты әскери көліктер сатып алады.

Келісім талаптары бойынша, Армения сатып алатын қару-жарақ құнының 10 пайызын төлейді, қалғаны несие есебінен жабылады.

Ресей - Арменияға қару-жарақ сататын негізгі мемлекет. Арменияның Гюмри қаласына жақын базада үш мыңға тарта ресейлік әскери орналасқан. Ресей бұған қоса Арменияның Түркиямен шекарасына жақын Эребуни әуе базасын да пайдаланады.

XS
SM
MD
LG