Accessibility links

Түркия мен АҚШ лидерлері Сирия жайлы сөйлесті


Түркия прездиенті Режеп Ердоған (оң жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама. Анталия, Түркия, 15 қараша 2015 жыл.
Түркия прездиенті Режеп Ердоған (оң жақта) мен АҚШ президенті Барак Обама. Анталия, Түркия, 15 қараша 2015 жыл.

Түркия президенті әкімшілігінің хабарлауынша, түрік лидері Режеп Ердоғанмен телефон арқылы әңгімеде АҚШ президенті Барак Обама Сирияның солтүстік-шығыс аймағында билікті қолдайтын күштер мен күрд қарулы жасағының белсенді шабуылға көшуіне байланысты алаңдаушылық білдірген.

Мәлімдемеде Обаманың Түркияның өз-өзін қорғауға құқығын қуаттап, НАТО ұйымына мүше Түркияға қолдау білдіргені айтылған. Сонымен бірге, екі елдің басшылары ішінде Күрд жұмысшы партиясы жасағы да бар террористік топтарға қарсы күресте өзара іс-әрекетті нығайтуға келісті деп хабарланды.

Бұған дейін жұма күні Ердоған сириялық күрдтердің «Демократиялық одақ» партиясы «америкалық қаруды бейбіт тұрғындарға қарсы қолданды» деп мәлімдеген. Түркия «Демократиялық одақ» партиясын Анкарадағы жарылысқа байланысты айыптап, Сирияның солтүстігінде осы ұйымның қарулы топтарына қарсы шайқасып жатыр.

Түркия президенті Режеп Ердоған батыс елдерінің «Демократиялық одақ» партиясын террорлық ұйым деп танудан бас тартып отырғанына қынжылыс білдірген.

Жұма күні «Күрдістан азаттық қаршығасы» деп аталатын күрдтердің қарулы жасағы Анкарада 17 ақпанда 28 адамның өмірін қиған жарылысқа жауапкершілікті мойнына алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG