Accessibility links

Қырғызстан: "Алтынкенде" ереуіл екінші күнге жалғасты


Қырғызстанның Шу облысындағы Талды-Бұлақ кеніші.

Қырғызстанның Шу облысындағы Талды-Бұлақ кеніші.

Қырғызстанның Шу облысындағы Талды-Бұлақ кенішінде оны игеріп жатқан «Алтынкен» жауапкершілігі шектеулі қоғамы қызметкерлерінің ереуілі екінші күнге ұласты.

Өндіріс орнында жұмыс жұма күні тоқтатылған. Қырғызстан тау-кен металлургиясы кәсіподағы орталық комитетінің төрағасы Елдар Тәжібаевтың хабарлауынша, «Алтынкен» компаниясы басшылығы қаңтардың соңында еңбек ұжымы өкілдерімен келіссөздер барысында жасалған келісімді бұзып, компания қызметкерлерінің тарифтік жалақы мөлшерін 15 пайызға азайту, сонымен бірге, еңбекақыға қосылатын 30 пайыздық үстемені жойып, оны сыйақы санатына өзгерту туралы біржақты шешім қабылдаған. Бұл шешім еңбек ұжымының наразылығын тудырған дейді Тәжібаев.

«Қырғызалтын» ашық акционерлік қоғамы баспасөз қызметі келіссөздерге компания басшылығы қатысып жатқаны туралы хабарлады. «Алтынкен» жауапкершілігі шектеулі қоғамы директорының бірінші орынбасары Омар Изабаев «жұмысшылар еңбекақысы 45 пайызға азайған деген ақпарат шындыққа сай емес» дейді. Компания оның: «Бұл жерде табатындары 7-8 мың сом емес, 20 мың сомнан кем алмайды. Мысалы, жарылыспен айналысатындар ғана 30 мыңдай сом алады», - деген сөзін келтірген.

XS
SM
MD
LG