Accessibility links

Ұлыбританияда ЕО жайлы референдум мерзімі жарияланды


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон бүгін үкімет мүшелерімен кездесіп, осының қарсаңында өз елінің Еуропа Одағына мүше болуының жаңа шарттары жайлы Брюссельде өткізген келіссөздерінің нәтижесін баяндады.

Даунинг-стриттегі кездесу соңынан Кэмерон Ұлыбританияның Еуропа Одағына мүшелігін жалғастыруға қатысты жалпыұлттық референдум өтетін күнді жариялады. Референдум биыл 23 маусымда өткізіледі.

Бұған дейін жұма күні Брюссельдегі ұзақ әрі күрделі келіссөздерден кейін Еуропа Одағы саммитіне қатысушылар мәмілеге келіп, Ұлыбританияның одаққа мүшелігін сақтап қалу шарты туралы келісімді бірауыздан қолдағаны хабарланған еді.

Брюссельдегі келіссөздер екі күн бойы жүргізілді. Кэмеронның айтуынша, Еуроодақтың барлық 28 мүшесі мақұлдаған тарихи шешім Ұлыбританияның еуро аймағына кірмейтін сыртқы әріптес дәрежесін сақтап, Еуропа құрлығындағы саяси одаққа тереңдеп енбеуін қамтамасыз етеді.

XS
SM
MD
LG