Accessibility links

Башар Асад бітімге қатысты бірнеше шарт қойды


Сирия президенті Башар Асад.

Сирия президенті Башар Асад.

Сирия президенті Башар Асад егер бірнеше шарты орындалатын болса бітімге келуге әзір екенін мәлімдеген.

Дамаск билігінің ресми сайтында президент «террористердің» атысты доғаруды қарсы шабуыл жасау үшін пайдаланып кетпейтіндігіне және көтерілісшілерге сырт жақтан әскери көмек беру тоқтатылатындығына кепілдік болғанын меңзегені айтылған. Асад бітім кезінде Түркиядан жасақ және қару-жарақ өткізу тоқтатылуы қажет деп айрықша атап көрсеткен.

Бұған дейін сенбі күні сириялық оппозиция егер Башар Асад режимінің одақтастары (ішінде Ресей де бар) атысты доғарып, қалаларды қоршаудан босатса және бүкіл ел көлемінде гуманитарлық жүкті еркін алып өту қамтамасыз етілетін болса, онда уақытша бітімге келісетінін айтқан.

Сириялық Жоғарғы келіссөз комитеті таратқан мәлімдемеде әртүрлі оппозициялық фракциялардың халықаралық арағайындардың көмегімен бітім туралы кеңесулер бастауға келіскені айтылған.

XS
SM
MD
LG