Accessibility links

АҚШ-тағы сайлау: Клинтон мен Трамп алға шықты


АҚШ президенті сайлауына түсіп жатқан Дональд Трамп (сол жақта) және Хилари Клинтон.
АҚШ президенті сайлауына түсіп жатқан Дональд Трамп (сол жақта) және Хилари Клинтон.

АҚШ миллиардері Дональд Трамп Оңтүстік Каролина штатында өткен «оңтүстіктегі алғашқы» праймеризде айқын басымдылық танытты. Бұдан 11 күн бұрын ол Нью-Гэмпшир штатында партияның өз ішіндегі алғашқы дауыс беру бәсекесінде алға шыққан болатын.

Алдын ала мәліметтер бойынша, республикашыл сайлаушылардың 34 пайызға жуығы Трампқа қолдау білдірген. Одан едәуір артта қалған сенаторлар Тед Круз және Марко Рубионың әрбірі әзірше 21 пайыз дауыс жинаған деп хабарлайды «Америка дауысы» радиосы. Сенбі күні Оңтүстік Каролинада бар болғаны 8 пайыз дауыс алған республикашыл Джеб Буш президенттік сайлау додасынан шығатынын мәлімдеген.

Ал дәл сол күні Невада штатында демократтар арасында өткен кокус нәтижесінде Хиллари Клинтон бұған дейін Нью-Гэмпширде өзінен озып кеткен Вермонт штатының сенаторы Берни Сандерстен осы жолы басым түскен. Бұл туралы Клинтон Twitter-парақшасында сайлаушыларына: «Бұл сіздердің жеңістеріңіз» деп жазған.

Енді келесі сенбіде Оңтүстік Каролинада демократтар праймеризі, Невадада –республикашылар кокусы өтпек.

XS
SM
MD
LG