Accessibility links

Бүгін - халықаралық ана тілі күні


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін, 21 ақпанда әлемнің көптеген елдерінде халықаралық ана тілі күні атап өтіледі. 1999 жылы қарашада ЮНЕСКО ұйымы бас конференциясы әлемдегі сануалан тіл мен мәдениеттің дамуына қолдау таныту үшін осы күнді халықаралық ана тілі күні деп жариялаған.

Ғалымдардың дерегі бойынша, Жер бетінде жеті мыңнан аса тіл бар. Ең көп тараған 40 тілде әлемдегі барша халықтың 2/3 сөйлейді. Ең танымал тілдер қатарына қытай, хинди, ағылшын, испан, араб, орыс және португал тілдері жатады.

Қазіргі кезде біржолата жойылып кету алдында тұрған 400-ден аса тіл бар. Сол тілде сөйлейтін соңғы адам өмірден өткен күні онымен бірге тіл де өшеді, сондықтан ең алдымен қауіп жазу білмейтін халықтарға төніп тұр. АҚШ ұлттық география қоғамының мәліметі бойынша, әрбір 14 күн сайын жер бетінде бір тіл жойылып жатыр.

XS
SM
MD
LG