Accessibility links

АҚШ: Мичиган штатында алты адам оққа ұшты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Мичиган штатындағы Каламазу қаласында сенбі күні белгісіз біреу көшедегі кездейсоқ жүргіншілерге оқ жаудырған. Салдарынан алты адам қаза тауып, үш адам жараланған деп хабарлайды АBC.

Билік өкілдерінің айтуынша, қазіргі кезге дейін қарулы күдіктінің қаланың үш жерінде адамдарға оқ атқан.

Қазір жергілікті полиция бұл оқиғаға қатысты Chevrolet маркалы автокөлікке мінген, шамамен 50 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр.

XS
SM
MD
LG