Accessibility links

Ауғанстанда 6,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді


Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында. (Көрнекі сурет.)

Бүгін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 854 километр қашықтықта 6,2 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Астана уақыты бойынша сағат 15:12 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Ауғанстан аумағында, 200 километрге дейінгі тереңдікте болған деп хабарланды.

Жер сілкінісінің дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеген.

AzattyqTV

Әлеуметтік желіге шолу

"Қызықстанның нұрлы жолдары"

XS
SM
MD
LG