Accessibility links

Керри мен Лавров Сириядағы бітім шарттарын талқылады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мюнхен, 12 ақпан 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (оң жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мюнхен, 12 ақпан 2016 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бірге Сириядағы қарулы қақтығыстарды тоқтату шарттары туралы алдын ала келісімге келгендерін жария етті. Керридің сөзінше, әңгіме қантөгісті тоқтату туралы осы жақын күндері күшіне енгізуге болатын уақытша келісім жайында болып отыр.

Бұл туралы бүгін Амманда Керри мен Иордания сыртқы істер министрі Насер Джудехтың кездесуінен кейін баспасөз мәслихатында жарияланған.

Керридің айтуынша, ол Лавровпен бірге АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин жақын күндері Сирия жайын талқылап, уақытша келісімнің принциптік ережелеріне байланысты мәселелерді соңғы рет нақтылайды деп үміттенеді. Екі тарап та келісімнің егжей-тегжейіне қатысты жұмыстарды аяқтап қалды деді Керри.

Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігі Сергей Лавровтың Сириядағы бітім шарттарын жасауға байланысты мәселелерді Джон Керримен телефон арқылы талқылағанын хабарлады деген ақпарат таратты «Интерфакс».

«Сыртқы істер мекемелерінің басшылары Сирияны қолдау жөніндегі халықаралық топтың теңтөрағалары ретінде және осы топтың биыл 12 ақпанда қабылдаған шешімдеріне сәйкес, Сирияда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі террорлыққа жатқызған ұйымдарға қарсы операциялардан өзге әскери іс-қимылдарды тоқтату шарттарын келісуді жалғастырды» делінген Ресей сыртқы істер министрлігі сайтындағы хабарламада.

XS
SM
MD
LG