Accessibility links

Украина шығысында үкімет сарбазы оққа ұшты


Марьинка қаласындағы украин әскері. Маусым, 2015 жыл.

Марьинка қаласындағы украин әскері. Маусым, 2015 жыл.

Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистер мен үкімет әскерінің қақтығысынан бір сарбаз қаза тапты. Украина қорғаныс министрлігінің хабарлауына қарағанда, сарбаз Донецкіден 20 километр қашықтықта үкімет әскерінің бақылауындағы Марьинка қаласында мерген мылтығынан оққа ұшқан.

Министрлік өкілі Александр Мотузанюктің мәлімдеуінше, майдан шебіндегі жағдай қауіпті. Ол сепаратистерді соңғы бір тәулікте бітімді бұзды деп айыптады.

БҰҰ мәліметінше, 2014 жылы көктемде Украина шығысында басталған қақтығыстан тоғыз мыңға тарта адам қаза тауып, 20 мыңға тарта адам жараланған.

XS
SM
MD
LG