Accessibility links

Ресей қорғаныс министрі Иранға барды


Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу (сол жақта) мен Иран қорғаныс министір Хосейн Дегхан (ортада) және иран президенті Хассан Роухани. Тегеран, 21 ақпан 2016 жыл.

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу (сол жақта) мен Иран қорғаныс министір Хосейн Дегхан (ортада) және иран президенті Хассан Роухани. Тегеран, 21 ақпан 2016 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани Тегеранда Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады.

Иранның Press-TV телеарнасының хабарлауынша, Тегеранда өткен кездесуге Иран қорғаныс министрі Хосейн Дегхан да қатысты. Келіссөзде Роухани Иранның Сирия дағдарысы мен оны шешу жолдарына қатысты позициясын түсіндірді. Шойгу Сириядағы қақтығысты тоқтатуға қатысты Мәскеудің пікірін жеткізді.

Сирия президенті Башар Асадты қолдайтын Ресей мен Иран Сириядағы дағдарыс ушыққан тұста әскери салада байланысты арттырып жатыр.

Иран қорғаныс министрі Хосейн Дегхан 16 ақпан күні Мәскеуге сапармен барып, Ираннның Ресей қару-жарағын, оның ішінде Су-30 әскери ұшақтарын сатып алу ниеті бар екенін мәлімдеген. АҚШ БҰҰ-ның Иранға салған қару-жарақ эмбаргосы күшінде екенін ескертіп, Тегеранның бұл ниетіне қарсылық білдірген.

XS
SM
MD
LG