Accessibility links

Иракта жоғалған радиоактивті заттар табылды


Ирактағы радиоактивті заттарды жою жұмысы (Көрнекі сурет).
Ирактағы радиоактивті заттарды жою жұмысы (Көрнекі сурет).

Ирак қоршаған ортаны қорғау министрлігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Зубаир қаласы маңындағы жанармай құю бекетіне жақын жерде жоғалған радиоактивті материалдар табылды. Министрліктің баспасөз хатшысы Амир Әлидің Reuters-ке айтуына қарағанда, "аса қауіпті заттар" зақымданбаған және олардан радиация тарау қаупі жоқ.

Өткен аптада агенттік Басра маңында мұнай кенішіне қызмет көрсетумен айналысатын америкалық Weatherford компаниясынан радиоактивтік материалдар жоғалғанын хабарлаған. Ирак билігі Reuters-ке материалдар "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған террористік топ - ред.) экстремистік ұйымының қолына түссе бомба немесе басқа да қару түрлерін жасауы мүмкін деп қауіптенетінін мәлімдеген.

Агенттік мұнай және газ саласында қолданылатын материалдар ноутбуктың көлеміндей қорғаныш сейфінде сақталып тұрғанын айтады.

XS
SM
MD
LG