Accessibility links

Үндістан әскерилері Кашмирде арнайы операция жүргізіп жатыр


Үндістанның Кашмир аймағының картасы (Көрнекі сурет).
Үндістанның Кашмир аймағының картасы (Көрнекі сурет).

Кашмирдің Үндістан бақылауындағы бөлігінде қауіпсіздік күштері үкімет кеңсесін басып алып, жеті адамды өлтірген содырларға қарсы операция жүргізіп жатыр.

Кашмирдің жазғы астанасы Шринагар қаласындағы ғимарат кешеніне десант пен полиция жасағы түсіріліп, жарылыс пен ауыр әскери техникадан атылған оқ үні естіліп жатыр.

Үндістан қауіпсіздік күштерінің хабарлауынша, кешен ішінде граната және пулеметпен қаруланған үш-төрт содыр бар болуы мүмкін. 21 ақпанда операция барысында бір содырдың көзі жойылған.

20 ақпанда даулы Кашмир аймағында Үндістан билігіне қарсы содырлар Үндістан әскерилері мінген көліктерге оқ атып, үкіметтік ғимаратта адамдарды кепілге алған. Оқиға аймағынан 100-ден астам мемлекеттік қызметкер эвакуацияланған.

Үндістан мен Пәкістан 1947 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаннан бері Кашмир аймағына қатысты екі рет соғысқан.

XS
SM
MD
LG