Accessibility links

Қытай өлім жазасын орындаған қырғызстандық Бішкекке жеткізілді


Үрімжі көшесі (Көрнекі сурет).

Үрімжі көшесі (Көрнекі сурет).

Қытайда осы айдың басында есірткі тасымалдады деген айыппен өлім жазасы орындалған Қырғызстан азаматы Светлана Кулбаеваның денесі Бішкекке жеткізілді. Азаттықтың Қырғыз редакциясының Қырғызстанның сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, марқұмның денесі салынған ұшақ Үрімжіден Бішкекке 20 ақпан күні ұшып келген.

Кулбаеваға өлім жазасы 4 ақпан күні Үрімжіде инъекция салу арқылы орындалған. Ол 2010 жылы күзде жеті килограм есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған. Жақтастары есірткіні Кулбаева тасымалдаған тауарға әлдебіреулер салып жіберген дейді.

XS
SM
MD
LG