Accessibility links

Тәжік сарбазы "Талибанға" қосылмақ болғаны" үшін сотталды


Куляб облысындағы тәжік-ауған шекара бекеті (Көрнекі сурет).

Куляб облысындағы тәжік-ауған шекара бекеті (Көрнекі сурет).

Тәжікстанда талибтер қатарына қосылу үшін шекараны заңсыз кесіп өтті деген айыппен шекарашы сарбаз 17 жылға сотталды. Сот материалы бойынша, Исфара қаласы Мулдон ауылының тұрғыны Фатхулло Файзуллозода Хамадони ауданында шекара отрядында қызмет етіп жүргенде "Талибан" қозғалысы қатарына өту үшін Ауғанстанмен шекараны заңсыз кесіп өткен.

Азаттықтың Тәжік редакциясына Куляб гарнизонының әскери прокуратурасындағы дереккөз бүгін қылмыстық істі қарау жабық түрде өткенін хабарлады.

Куляб гарнизонының әскери прокуратурасы Файзуллозоданың үстінен төрт бап бойынша, оның ішінде мемлекеттік шекараны бұзуға қатысты да іс қозғаған. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, сарбаз Ауғанстанға сол елде жүр делінген ағасы Сайфулло Файзуллозоданың кеңесі бойынша өткен. Тергеушілер Файзуллозоданың экстремистік "Ансарулло" ұйымына қатысы бар дейді.

Файзуллозоданы ауған шекарашылары ұстап Тәжікстанға тапсырған.

XS
SM
MD
LG