Accessibility links

АҚШ пен Ресей Сирияда қақтығысты тоқтатуға келісті


Әл-Шаади қаласы маңында жүрген оппозицияшыл күштер жасақтары. Сирия, ақпан 2016 жыл.

Әл-Шаади қаласы маңында жүрген оппозицияшыл күштер жасақтары. Сирия, ақпан 2016 жыл.

Ресей мен АҚШ Сириядағы қақтығысты 27 ақпаннан бастап тоқтату жоспарын жариялады. Екі ел бірлесіп жасаған мәлімдемеде бітім экстремистік "Ислам мемлекеті" мен "Әл-Қаидамен" байланысты "Нусра майданы" ұйымдарына және БҰҰ террористік ұйым деп таныған басқа да топтарға жүрмейді. 26 ақпан күні Дамаск уақыты бойынша түс кезінде тараптар қақтығысты тоқтатуды қолдайтынын, я қолдамайтынын білдіруі тиіс.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун келісімді "көптен күткен үміт" атап, соғысушы барлық тараптарды бітімге қосылуға шақырды. Ресей президенті Владимир Путиннің сөзінше, бұл келісім - Сириядағы қантөгісті тоқтатуға жасалған нақты қадам және ол терроризммен күрес үлгісі бола алады.

Ақ үй келісімді іске асыру қиын болатынын, бірақ ол "жаңа мүмкіндікке жол ашатынын" және АҚШ оны пайдалануға тырысатынын білдірді.

XS
SM
MD
LG