Accessibility links

Тәжікстанда ИМ видеосын "ұнатқаны" үшін 14 адам тергелді


Тәжікстан азаматтары (Көрнекі сурет).
Тәжікстан азаматтары (Көрнекі сурет).

Тәжікстанда Йовон ауданының 14 тұрғыны ресейлік "Одноклассники" сайтында жарияланған тәжіктерді "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қосылуға шақыратын видеожазба астына "Ұнайды" түймесін басқаны үшін тергелді.

Тергеуден соң он адам босатылып, төрт адам алдын ала қамауда қалды.

Тәжікстан билігінің мәліметінше, елде кем дегенде мың адам Ирак пен Сирияға ИМ жағында соғысуға аттанған. Билік бұған қоса соңғы кезде содырлардың тәжіктерге қатысты үгіт-насихаты күшейгеніне алаңдайды.

XS
SM
MD
LG