Accessibility links

Дэвид Кэмерон: ЕО-дан шығу - түнекке ұмтылу


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Еуропа Одағынан (ЕО) шығу "алдағы жылдары азаматтарға кері әсер етуі мүмкін" екенін ескертті. Парламенттің өкілдер палатасына жолдаған мәлімдемесінде Кэмерон Ұлыбританияның алдында я ЕО құрамында қалып "бұдан да зор Британия болу", я ЕО-дан шығып "түнекке ұмтылу" таңдауы тұрғанын айтты.

Кэмерон 23 маусымға белгіленген референдум қарсаңында өзінің Ұлыбритания ЕО құрамында қалуы тиіс деген ұстанымына қолдау табудан үмітті. Өткен аптада Кэмерон ЕО басшыларымен Ұлыбританияны ЕО-дан шығармау үшін "Британияның ЕО-дағы ерекше мәртебесін" күшейту туралы келісім жасасқан. Министрлер кабинеті мүшелерінің көпшілігі оның ұстанымын қолдағанымен, алты министр референдумда елдің ЕО-дан шығуын жақтайтынын мәлімдеген. Парламенттің консервативтік партиядан сайланған жүзден астам депутаты да Ұлыбританияның ЕО-дан шыққанын құптайтынын білдірген.

XS
SM
MD
LG