Accessibility links

Иранда Рушдиді өлтіруге тігілген сыйақы көбейді


Үндістанда туған, Ұлыбританияда тұратын жазушы Салман Рушди.

Үндістанда туған, Ұлыбританияда тұратын жазушы Салман Рушди.

Иранның жартылай ресми Fars ақпарат агенттігінің мәліметінше, мемлекеттік ақпарат құралдары жазушы Салман Рушдидің басына тігілген сыйақыға тағы 600 мың доллар қосқан. Сыйақыға өзі де 30 мың АҚШ долларын қосқан агенттік қаржы аударған мемлекеттік 40 ақпарат құралының тізімін жариялады.

27 жыл бұрын Ирандағы 1979 жылғы ислам революциясының көсемі аятолла Рухолла Хомейни мұсылмандарды Үндістаннан шыққан жазушы, қазір Ұлыбританияда тұратын Салман Рушдиді оның "Сайтани жырлар" романы үшін өлтіруге шақырған пәтуа шығарған. Ирандағы діни ұйым Рушдиді өлтірген адамға 2,7 миллион доллар сыйақы тіккен. 2012 жылы бұл сома 3,3 миллион долларға дейін көбейтілген.

Пәтуадан соң Рушди бірнеше жыл жасырынып жүрді. Оның кітабын басып шығаруға көмектескен басқа адамдар шабуылға ұшыраған. Аятолланың пәтуасы халықаралық қауымдастықтың наразылығын тудырып, Ұлыбритания Иранмен дипломатиялық байланысын үзген.

XS
SM
MD
LG