Accessibility links

Пентагон Гуантанамо түрмесін жабу жоспарын ұсынады


Гуантанамо түрмесі (Көрнекі сурет).
Гуантанамо түрмесі (Көрнекі сурет).

Пентагон бүгін АҚШ конгресінде Кубаның Гуантанамо шығанағында орналасқан Гуантанамо түрмесін жабу туралы жоспарын ұсынады. Пентагонның ресми өкілі Джефф Девис "Жоспарды ұсынудың ақырғы мерзімі ертең екенін білеміз. Біз бұл шартты сақтаймыз" деді.

Түрмені 2002 жылы АҚШ президент кіші Джордж Буш Ауғанстандағы соғыста тұтқынға түскендерді қамау үшін ашқан. Бұл түрмеге түскендер "қарсылас жау сарбазы" деген ерекше мәртебеге ие болып, АҚШ азаматтары иеленген заңды құқығынан айырылған. Түрмедегілердің көпшілігі онда ешқандай айып тағылмай, сотсыз жылдар бойы отырған. Барак Обама президент қызметіне кіріскен соң Гуантанамо түрмесін жабуға шақырған. Обаманың пікірінше, бұл түрме экстремистерді арбау құралына айналып отыр. Бірақ Обаманың бұл бастамасы Конгресс қолдауына ие болмаған.

Қазір түрмеде отырған 780 тұтқынның 91-і ғана қалды. Тұтқындардың жартысына жуығы "аса қауіпті" саналады.

Ұсынысына қолдау табу үшін Обама Конгресте түрмедегі қалған тұтқындарды АҚШ-тағы басқа түрмелерге бөлу жобасын ұсынуы қажет.

Болжам бойынша, Пентагон баяндамасында Гуантанамо тұтқындарын басқа федералдық түрмелерге ауыстыруға кететін шығындар туралы мәлімет келтіріледі.

XS
SM
MD
LG