Accessibility links

Досаев: Мұнай мен доллар бағамының болжамы өзгерді


Қазақстан валютасы - теңге мен АҚШ доллары (Көрнекі сурет).

Қазақстан валютасы - теңге мен АҚШ доллары (Көрнекі сурет).

Үкіметтің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жасаған жаңа болжамы бойынша, 2016 жылы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсімі 0,5 пайыз болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады. Оның сөзінше, мұнай баррелінің бағасы 30 доллар, ал доллар бағамы 360 теңге болған жағдайда Қазақстан ЖІӨ-сі 0,5 пайызға өседі.

Үкімет отырысында сөйлеген Досаев "халықаралық қаржы ұйымдары мен инвестициялық банктердің болжамы бойынша, мұнайдың орташа жылдық бағасы 40 доллардан 30 долларға дейін төмендетілгенін, ал доллар бағамы қарашада бекітілген 300 теңгеден 360 теңгеге көтерілгенін" айтты. Досаев "Біз бәрібір оңтайлы шекте тұрмыз" деді.

Министр бұған қоса, Қазақстандағы индустриалдық-инновациялық жобалар республикалық бюджет мүмкіндігіне қарай іске асырылатынын және индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламаларын тексеру жұмыстары наурызда аяқталатынын айтты.

Досаевтың сөзінше, үкімет Қазақстанның 2025 жылға дейінгі дамуының жаңа стратегиялық жоспарын дайындамақ.

XS
SM
MD
LG