Accessibility links

Қадыров Шешенстан туралы оппозиция есебін жариялап жіберді


Шешенстан президенті Рамзан Қадыров.

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров оппозиционер Илья Яшиннің өзіне арнаған "Ұлттық қауіпсіздікке қатер" баяндамасын алдын ала жариялап жіберді. Бұл туралы Қадыров "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында хабарлады. Баяндаманы таныстыру бүгін ПАРНАС партиясының Мәскеудегі кеңсесінде өтеді және ол оппозицияшыл саясаткер Борис Немцовтың қаза тапқан күніне орайластырылған.

Қадыров парақшасында "Бір актерден тұратын бұл театрға деген көзқарасымды осы шығарманы тарату арқылы білдірем. Тағы қандай бос сөз болатынын білмейміз, бірақ онда жазылғандарда құр шатпақтан басқа ешнәрсе жоқ" деп жазды.

Баяндама жалпы Шешенстандағы жағдайға, республика басшылығымен тіке я жанама болсын байланысы бар саяси кісі өліміне, Қадыров пен оның әкесінің содырлар қатарында болған уақытына арналған. Баяндаманың бір тарауы - "Жекеменшік армия" 22 ақпанда New Times басылымында жарияланған. Яшиннің сөзінше, баяндамада көтерілетін басты мәселе - Қадыров билігін қалыптастырудағы Путиннің рөлі болады. Баяндама ашық дереккөздер мен ақпарат құралдарындағы материалдарға сүйеніп жазылған.

XS
SM
MD
LG