Accessibility links

Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясы құрылды


Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының президенті Лариса Харькова.
Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының президенті Лариса Харькова.

Қазақстан кәсіподақтары бірлестіктерінің қатары тағы бір ұйым - Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясымен (ҚТКК) толықты.

Бүгін Алматыда баспасөз конференциясында сөйлеген ҚТКК президенті Лариса Харькова жаңа ұйымды тіркеу 12 ақпанда аяқталғанын жариялады. Оның сөзінше, тіркеу процесі 10 айға созылған. Харьков басқарған Қазақстанның еркін кәсіподақтар конфедерациясы кәсіподақтар туралы жаңа заң күшіне енген соң жабылған. Ол ҚТКК құрылтайшысы төрт салалық кәсіподақ екенін, олардың қатарында әлеуметтік жұмысшылар кәсіподағы, жылу-энергетика кешені жұмысшыларының кәсіподағы, бұқаралық ақпарат құралдары мен медицина саласы қызметкерлерінің кәсіподақтары барын айтты. Харькова ҚТКК Қазақстан еркін кәсіподақтар конфедерациясының заңды мұрагері екенін айтады.

2014 жылы шілдеде Қазақстанда кәсіподақ туралы жаңа заң күшіне енген. СОл кезде Қазақстан еркін кәсіподақтар конфедерациясының басшылығы заң күшіне енген соң көптеген тәуелсіз кәсіподақтар заң белгілеген мерзімде үлгірмейтіндіктен қайта тіркеуден өте алмайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG