Accessibility links

AI: Адам құқығына әлемде қауіп-қатер төніп тұр


Amnesty International халықаралық ұйымының логотипі (Көрнекі сурет).

Amnesty International халықаралық ұйымының логотипі (Көрнекі сурет).

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы 2015 жылы әлемде адам құқығы және оны қорғайтын заңдар мен институттарға үкіметтер арасындағы "зұлымдық тенденцияларының" әсерінен қатер төніп тұр деп мәлімдеді.

Ұйым мәліметінше, Қазақстандағы адам құқығы жағдайы елде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар бөлуді және шетелден келетін қаржыны реттейтін ортақ оператор құрылған соң нашарлаған.

"Әлемдегі адам құқығы жағдайы" деп аталатын баяндамасында Лондонда орналасқан ұйым әлем елдері үкіметтерін халықаралық заңдар мен жеке адам құқығын қорғайтын институттарды саяси және қаржылай қолдау көрсетуге шақырды.

Ұйым БҰҰ-ның адам құқығы институттары, Халықаралық қылмыстық сот, Еуропа кеңесі мен Америка адам құқықтары жүйесінің қызметі өз еліндегі адам құқықтары жай-күйін бақылаудан тартынатын үкіметтер тарапынан бұзылып отырғанын айтады.

"Әлемдегі 500 миллионнан астам халқы бар, бай саяси блок - Еуропа Одағы бұл қауіпке ортақ, адамгершілікке сай, адам құқығын құрметтейтін жауап таба алмады" делінген ұйым есебінде.

AI 2015 жыл Еуропада және брынғы совет республикаларында адам құқығы үшін ауыр жыл болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG