Accessibility links

Астана әкімі қалада кептелісті азайту жоспарын айтты


Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков.

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков.

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков тұрғындарға есеп беру жиынында көктемнен бастап Желтоқсан, Әуезов, Абай және Кенесары көшелеріндегі көлік қозғалысын бір бағытты ету жоспарланып отырғанын хабарлады.

Әкім Астанада күннің қарбалас уақытында көлік кептелісін азайту үшін "жұмыс уақытын өзгерту" жоспары дайындалғанын айтты. Жақсыбеков ұлттық компаниялар, жеке мекемелер мен білім беру мекемелеріне ыңғайлы жұмыс кестесін енгізу жайын қарастыруды ұсынды.

"Біз мұны бірден кері, әлдебіреудің жеке ниеті деп түсінеміз. Сауда орындары сәл кешірек ашылуына болады, неге олар таңертеңгі сағат 9-да ашылуы тиіс? Таңертеңгі қарбалас кез - сағат 9-да адамдар дүкенге, сауда орындарына бара ма? Сағат 10-11-де барады. Сондықтан мұның барлығын өзгерту керек. Мұның барлығы қоғамның қолдауын талап етеді" деді әкім.

1 ақпаннан бастап Астана қалалық әкімдігі мен оған бағынышты басқа да мекемелер жаңа жұмыс кестесіне ауысқан. Жұмыс енді таңертеңгі сағат 8:30-да басталып, 18-де аяқталады. Түскі үзіліс сағат 13-тен 14:30-ға дейін созылады.

XS
SM
MD
LG