Accessibility links

Невада штатындағы дауыс беруде Дональд Трамп алға шықты


Республикашыл партиядан АҚШ президенттігі сайлауына түсуден үміткер Дональд Трамп.

Республикашыл партиядан АҚШ президенттігі сайлауына түсуден үміткер Дональд Трамп.

АҚШ президенттігі сайлауына үміткер болу науқанында Республикашыл партияның Невада штатында өткен партия ішілік дауыс беруде миллиардер Дональд Трамп жеңіске жетіп тұр деп хабарлады CNN телекомпаниясы. Трамп жеңіске жетті деген болжамды Associated Press агенттігі де хабарлады.

Бұл болжамдар сайлау учаскелері жабылған соң бірден түскен алғашқы алдын ала мәліметтерге сүйеніп жасалды. Алдын ала мәлімет бойынша, Трамп 42 пайыз дауыспен алға шыққан. Одан кейінгі орында Техас штатынан сайланған сенатор Тед Круз 25 пайыз дауыс, Флорида штатынан сайланған сенатор Марко Рубио 21 пайыз дауыс жинаған.

XS
SM
MD
LG