Accessibility links

Египетпен әуе қатынасы наурызда қайта ашылмақ


Алматы әуежайында тұрған SCAT компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).
Алматы әуежайында тұрған SCAT компаниясының ұшағы (Көрнекі сурет).

Инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті наурыз айынан бастап Египетпен арада әуе қатынасы қайта ашылатынын хабарлады. Комитет бүгін таратқан хабарламасында Алматы мен Египеттің Шарм-әл-Шейх қаласы арасындағы әуе рейсін қазақстандық SCAT әуе компаниясы ұшыратыны айтылған. Египеттің Fly Egypt компаниясы наурыздан бастап Қазақстанға аптасына екі рет тұрақты рейс шығаруды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы 31 қазанда Синай түбегінде ресейлік "Когалымавиа" әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған соң тоқтаған. Ол апаттан ұшақ бортындағы 224 адам түгел қаза тапқан.

Ресей билігі ұшақ апатына оның бортына жасырылған бомба жарылуы себеп деп мәлімдеген. Апатқа жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған. Бұл апаттан соң әуелі Ресей, сосын Қазақстан Египетпен әуе қатынасын тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG