Accessibility links

Bellingcat тобы MH17 рейсі туралы жаңа зерттеу жариялады


MH17 рейсі ұшағы апатын зерттеген Bellingcat халықаралық тобы жариялаған әскерилер суреті.
MH17 рейсі ұшағы апатын зерттеген Bellingcat халықаралық тобы жариялаған әскерилер суреті.

Халықаралық Bellingcat зерттеу тобы 2014 жылы шілдеде Украинаның Донецк облысында малайзиялық әуе компаниясының Boeing ұшағының апатқа ұшырауына қатысы бар болуы мүмкін әскерилер туралы зерттеуін жариялады.

Bellingcat ұшақ Ресей қарулы күштерінің 53-зенит-зымыран бригадасына тиесілі "Бук-М1" зениттік кешенінен атылған дейді. Зерттеу тобының мәліметіне қарағанда, бұл бригада әскерилері әлеуметтік желілерге өздерінің 2014 жылы маусым-шілде айларында Ресей-Украина шекарасында болғанын көрсететін суреттер жариялаған.

Зерттеуде әскерилердің аты-жөні мен суреттері өзгертілген. Әскерилердің толық мәліметі Халықаралық тергеу тобына берілген.

2015 жылы 13 қазанда Нидерланд қауіпсіздік кеңесі есебін жариялап, Boeing-ті "Бук" зенит-зымыран кешені арқылы "жер-әуе" зымыраны атып түсірген деп мәлімдеген. Есепте зымыран оқтұмсығының нөмірі көрсетілгенімен, ұшақты нақты кім атып түсіргені айтылмаған.

Malaysia Airlines компаниясының Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшатын MH17 рейсі 17 шілдеде Украинаның шығысында атып түсірілген. Ұшақ бортында болған 298 дам түгел қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG