Accessibility links

"Талибан": Кабулмен келіссөзге қойған шарт өзгерген жоқ


Мұхаммед Наим, "Талибанның" Кабулдегі кеңсесінің баспасөз хатшысы.

Мұхаммед Наим, "Талибанның" Кабулдегі кеңсесінің баспасөз хатшысы.

Катардағы ауғанстандық "Талибан" қозғалысының кеңсесі Кабулмен тікелей бейбіт келіссөз бастамас бұрын АҚШ бастаған барлық шетел әскері Ауғанстаннан шығарылуы тиіс деп есептейді. Бұл туралы Азаттыққа "Талибанның" Кабулдегі кеңсесінің баспасөз хатшысы Мұхаммед Наим мәлімдеді.

Ауғанстан, Пәкістан, Қытай және АҚШ өкілдерінен құралған төрт жақты үйлестіру тобы 23 ақпанда Кабулде кездескен соң наурыздың басында Исламабадта келіссөз бастау жоспарын жариялаған.

Бірақ Наим "Талибанның" Катардағы кеңсесі "келіссөз жоспарынан хабарсыз" екенін және келіссөзге қатысу үшін қойған шарттары өзгермегенін мәлімдеді. Наим "Талибан" келіссөзге "Ауғанстанда шетел басқыншылығы аяқталып, ислам билігі орнаған жағдайда ғана" қатысатынын айтты.

XS
SM
MD
LG