Accessibility links

Косовода оппозиция екінші күн наразылық танытып жатыр


Приштинадағы оппозицияның қарсылық акциясы. Косово, 24 ақпан 2016 жыл.
Приштинадағы оппозицияның қарсылық акциясы. Косово, 24 ақпан 2016 жыл.

Косово астанасы Приштинаның орталығында жүздеген демонстрант жаңа сайлау өткізуді талап етіп, екінші күн көшеде түнеді. Демонстрацияға қатысушылар мен оппозициялық саясаткерлер Сербиямен келісімге "Еуропа Одағының зорлығымен жасалған" деп қарсы шықты. Олардың пікірінше, Сербиямен келісім этникалық сербтерге құқық беру арқылы Косовоның егемендігін бұзады.

Наразылық акциясына қатысушылар парламентте үкімет отставкаға кетіп, кезектен тыс жаңа сайлау белгіленбейінше тарқамайтынын мәлімдеді.

Қыркүйек айынан бері келісімге кедергі келтіруге тырысқан оппозиция парламент отырысында көзден жас ағызатын газ бен көз ашытатын бұрыш шашқан. Сербиямен жасалған келісім Косоводағы сербтердің құқығын кеңейтіп, Черногориямен шекараны демаркациялауға мүмкіндік береді. Демонстранттар бұған қоса, 26 ақпанға белгіленген президент сайлауына ұсынылған сыртқы істер министрі Хашим Тачидің кандидатурасына дауыс беруге де кедергі келтіруге тырысып жатыр.

XS
SM
MD
LG