Accessibility links

Сирия оппозициясы бітімді қолдайды


Алеппо маңында бомбалауға ұшыраған ғимарат орнын аршып жатқан сириялықтар. Сирия, 18 ақпан 2016 жыл.

Алеппо маңында бомбалауға ұшыраған ғимарат орнын аршып жатқан сириялықтар. Сирия, 18 ақпан 2016 жыл.

Сириядағы негізгі оппозициялық топтар мен күрд жасақтары АҚШ пен Ресейдің "екі апта ішінде қақтығысты тоқтату" режимін қолдайтынын мәлімдеді.

Құрамына бірнеше негізгі оппозициялық топ кіретін Жоғарғы келіссөз кеңесі "бітім Ресей қолдайтын Сирия билігінің ниеті қаншалықты шынайы екенін анықтауға мүмкіндік береді" дейді. Күрд жасақтары өздері үшін бітім "өте маңызды" екенін, дегенмен қажет болған жағдайда "кез келген басқыншыға" жауап қайтаруға құқығы бар екенін хабарлады.

АҚШ қолдайтын сириялық күрдтерді бітім туралы келісімге қосуға Анкара қарсы. 24 ақпанда Анкарада сөйлеген Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған сириялық күрдтердің "Демократиялық одақ" партиясының әскери қанаты - Халықтық өзін-өзі қорғау отрядын (YPG) "террористік" ұйым деп атап, келіссөзден шығаруды талап еткен. Мәскеу мен Вашингтонның келісімі бойынша, бітім "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мен "Әл-Қаиданың" Сириядағы қанаты "Нусра майданы" тобына жүрмейді.

Түркиялық әскери-әуе күштері Сириядағы күрдтердің позициясын тұрақты түрде бомбалайды. АҚШ президенті Барак Обама бұл бітімнің келешегіне сақтықпен қарайтынын білдірді.

Сириядағы азамат соғысы басталғанына бес жылға жуықтады. Осы уақытта соғыстан 250 мыңнан астам адам қаза тауып, миллиондаған адам босып кетуге мәжбүр болған.

XS
SM
MD
LG