Accessibility links

Ресей сириялық үш босқынды депортацияламақ


"Азаматтық жәрдемдесу" комитетінің басшысы Светлана Ганнушкина.
"Азаматтық жәрдемдесу" комитетінің басшысы Светлана Ганнушкина.

Ресей 25 ақпан күні сириялық үш босқынды депортациялайды. Ресейлік "Азаматтық жәрдемдесу" комитеті Сирия азаматтарын соғыс жүріп жатқан және өмірлеріне қауіп төнетін елдеріне қайтарып жіберу барлық халықаралық құқық нормаларын бұзатынын мәлімдеді.

24 ақпан күні Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты сириялық босқындардың бірінің шағымы бойынша оларды кері қайтаруға тыйым салатын шешім шығарған.

Құқық қорғаушылардың хабарлауынша, БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі Ресей билігіне сириялықтарды елдеріне қайтармауды сұрап бірнеше рет өтініш білдіріп, оларды басқа елге қоныстандыруға дайындық жұмыстарын жүргізуге даяр екенін білдірген.

"Мемориал" құқық қорғау орталығының "Миграция және құқық" желісінің адвокаты Шамиль Магомедов пен "Азаматтық жәрдемдесу" комитеті депортацияны болдырмауға тырысқанымен, нәтиже шықпаған.

XS
SM
MD
LG