Accessibility links

"Жас Алаш" сотына журналистерді кіргізбеді


"Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай апелляциялық сотта. Алматы, 25 ақпан 2016 жыл.

"Жас Алаш" газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбай апелляциялық сотта. Алматы, 25 ақпан 2016 жыл.

Алматыда бүгін қалалық сотта басталған "Жас Алаш" газетінің апелляциялық шағымын қарау процесіне журналистерді кіргізбеді.

Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, апелляциялық шағымды қарау сотына "Жас Алашты" сотқа берген "Жас-Ай" медициналық орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлы келмеді.

Жасан Зекейұлы «Жас Алаш» газеті мамыр айында өзі туралы жариялаған «Академик» отбасымен соттасып жүр» деген мақала «абыройы мен ар-намысын қаралады» деп сотқа жүгінген. Ол әуелі газетті алты айға тоқтатуды және өзіне 400 миллион теңге моральдық шығын төлеуді сұраған.

Қарашаның 13-і күні Алматының Алмалы аудандық соты "Жас Алаш" басылымы мен журналистеріне қатысты үкім шығарған. Сот «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайға, тілшісі Меруерт Тұрлыбековаға, газет оқырманы Қаден Мұқанұлына, Жасан Зекейұлының бұрынғы әйелі Гүлия Әлиханқызына және Гүлия Әлиханқызының әкесі, 76 жастағы Әлиханға, барлығы 40 миллион теңге айыппұл салған. Бұған қоса «Жас Алаш» газетінде Жасан Зекейұлы туралы жазылған мақаланы терістеу міндеттелген. Кейін сот шешіміне наразы жауапкерлер апелляциялық шағым түсірген.

Сотқа қатысуға оппозицияшыл саясаткерлер мен белсенділер келді.

  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG