Accessibility links

Астана: "Нұр Отан" жайлы жазған белсенді босатылды


Қарсылық акциясына шыққандарды ұстап жатқан астаналық полицейлер (Көрнекі сурет).
Қарсылық акциясына шыққандарды ұстап жатқан астаналық полицейлер (Көрнекі сурет).

Астанада полиция ұстап әкеткен белсенді Айгүл Өтепова босатылды. Бұл туралы Азаттыққа телефон арқылы Өтепованың өзі хабарлады. Өтепованы қызымен бірге бүгін таңертең ерте полиция үйінен ұстап әкеткен.

Өтепова бұған дейін полицейлер өзін Facebook-тегі парақшасында "Нұр Отан" партиясының үгіт-насихат парақшасын жұлғаны туралы жазбасы үшін ұстағанын айтқан. Оның сөзінше, полиция бөлімшесінде әуелде өзіне әкімшілік кодекстің 434-бабы 1-тармағы бойынша, яғни "қоғамдық орында бейәдеп сөйледі және рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастады" деп айып тақпақ болған. "Бірақ ұсталған соң бөлімшеге құқық қорғаушылар хабарласа бастаған соң, полицейлер маған айып тақпайтындарын, босататындарын айтып, бірақ түсініктеме жазуымды сұрады. Мен түсініктеме жазудан бас тарттым. Біраздан соң бізді босатты" деді Айгүл Өтепова.

Оның айтуынша, полицейлер қызы екеуін үш сағаттан артық ұстамаған.

XS
SM
MD
LG