Accessibility links

Назарбаев ЕАЭК төрағасымен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесіп, Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) дамыту мәселелерін талқылады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде ЕАЭО-ны дамыту, одақтың үшінші елдермен экономикалық қарым-қатынас аясын кеңейту мәселелері, ЕАЭО елдерінің әлемдік экономикалық жағдайдағы ортақ іс-қимыл стратегиясы талқыланған.

Назарбаев кездесуде әлемдік дағдарыс ЕАЭО жұмысымен байланысты емес екенін, түбінде интеграциялық бірлестік пайдалы болатынына күмәні жоқ екенін айтты.

Саркисян Назарбаевқа Еуразия экономикалық комиссия алқасының қазіргі қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндап, ЕАЭО органдарына Қазақстан президентінің одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына арналған үндеуін егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG