Accessibility links

Грузия совет басқыншылығын еске алып жатыр


Тбилиси көшелерінде жүрген Совет армиясы әскері. 17 ақпан 1921 жыл.

Тбилиси көшелерінде жүрген Совет армиясы әскері. 17 ақпан 1921 жыл.

Грузияда совет басқыншылығының 95 жылдығын еске алу шаралары өтіп жатыр. Совет армиясы Грузияға 1921 жылы 17 ақпанда басып кіріп, төрт күннен кейін Грузияны бақылауына алған.

Грузия астанасы Тбилиси мен басқа да қалаларда бұл күнге орай арнайы көрмелер, театрландырылған көріністер мен концерттік шаралар қойылды.

Үкімет мүшелері мен депутаттар совет басқыншылығына қарсы соғысып қаза тапқан грузин кадеттеріне арналған ескерткіш кешенге гүл қойды.

Совет Одағының Грузияны бақылауы СССР ыдыраған 1991 жылға дейін созылды.

Грузия 2011 жылдан бері 25 ақпанды совет басқыншылығын еске алу күні ретінде атап өтеді. Бұл күн елде ресми демалыс деп жарияланған.

XS
SM
MD
LG