Accessibility links

Ресей футболдан әлем біріншілігін өткізу шығынын азайтады


Ресей спорт министрі Виталий Мутко.

Ресей спорт министрі Виталий Мутко.

Ресей 2018 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізуге бөлінетін шығынды қысқартатынын жариялады. Бір ай бұрын ғана Ресей билігі чемпионат бюджетін қысқартуды жоққа шығарған еді.

Жарлық үкімет сайтында жарияланды. Чемпионат бюджеті сегіз миллиард долларға, негізінен хабар тарату орталығын салудан бас тарту негізінде қысқарады.

Қысқарту екінші жылға созылған дағдарыс пен инфляцияның Ресей экономикасына кері әсер етіп жатқанын көрсетеді. Чемпионатты ұйымдастыру комитеті өкілінің хабарлауынша, орталықты салудан бас тарту хабар тарату жоспарын өзгертпейді. Оның мәліметінше, қалған нысандардың құрылысы кесте бойынша салынады.

Өткен жылы бюджет қаржысы бірнеше рет азайтылған соң спорт министрі Виталий Мутко чемпионат өткізуге бөлінетін қаржы қайта қаралмайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG