Accessibility links

БАҚ: Тоқаев ЕО санкцияларына "наразылық білдірді"


Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жергілікті және ресейлік агенттіктердің хабарлауынша, Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев 25 ақпанда Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Парламенттік ассамблеясында сөйлеп, Еуропа елдерінің кейбір елдердің депутаттарына қарсы санкциялар салғанына қарсылық білдірді.

24.kz телеарнасының хабарлауынша, "Біз форум жұмысына парламент депутаттарының, әсіресе олардың спикерлерінің қатысуына визалық шектеу арқылы тыйым салатын кез-келген саясатты қажетсіз деп санаймыз. 21-ғасырда санкция салу саясаты деген болмау керек. Себебі ол әлемдік экономиканы шайқалтып жібереді. Санкция - БҰҰ құзыретіндегі шара және ол тек ерекше бір жағдайларда ғана салынуы тиіс" деген Тоқаев.

ТАСС агенттігінің хабарлауына қарағанда, 25 ақпан күні бұдан ертерек Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкинкен кездесуінде Тоқаев Ассамблея отырысында сөйлейтін сөзінде санкция мәселесін көтермек екенін айтқан. "Олар әлемдік экономиканы шайқалтады. Екіншіден, мен парламент делегацияларының, және ең алдымен парламент спикерлерінің қандай да бір халықаралық форумдарға оларға жай ғана виза беруден бас тарту арқылы қатысуына бөгет қоюға болмайтыны туралы мәселе көтермекпін" деген Тоқаев.

Еуропа Одағы бірінші рет Ресейге 2014 жылы наурызда Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғаны үшін санкция салған. Өткен жылы шілдеде ресейлік бір топ депутатқа, оның ішінде Сергей Нарышкинге ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының сессиясына қатысуға рұқсат етілмеген еді.

XS
SM
MD
LG