Accessibility links

БҰҰ Ресей мен АҚШ-тың Сирия туралы қарарына дауыс береді


БҰҰ гуманитарлық көмек көлігі жанында тұрған сириялық. Дамаск, 23 ақпан 2016 жыл.
БҰҰ гуманитарлық көмек көлігі жанында тұрған сириялық. Дамаск, 23 ақпан 2016 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін АҚШ пен Ресейдің Сирия мәселесіне қатысты ұсынған қарар жобасына дауыс береді. Қарарда соғысушы тараптарға 27 ақпан күні түнде әскери қимылдарды тоқтатуға талап қойылған. Қарарда бұған қоса Сирия қарулы күштері мен оппозицияның қарулы жасақтары бітім туралы келісімді қолдайтыны расталған.

20 ақпанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Сириядағы қарулы қақтығысты тоқтату шарттары туралы алдын ала келісім жасасқанын мәлімдеген.

12 ақпанда Мюнхенде Лавров пен Керри қатысқан Сирия дағдарысын реттеу жөніндегі келіссөзде 19 ақпаннан кешікпей қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен, ол орындалмай қалған.

XS
SM
MD
LG