Accessibility links

Хаменеи ирандықтарды дауыс беруге шақырды


Иран рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи парламент пен эксперттер мәжілісі сайлауына дауыс беріп тұр. Тегеран, 26 ақпан 2016 жыл.
Иран рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи парламент пен эксперттер мәжілісі сайлауына дауыс беріп тұр. Тегеран, 26 ақпан 2016 жыл.

Иран рухани көсемі аятолла Әли Хаменей ирандықтардыбүгін өтіп жатқан парламент сайлауына белсенді түрде қатысуға шақырды. "Иран азаматтарына дауыстарын мерзімінен бұрын беріп тастауға шақырамын. Олар кандидаттарды ақылмен таңдауы керек. Сайлауда адам көп дауыс берсе Иран жауларын түңілтеді" деп мәлімдеді Хаменеи парламент пен эксперттер кеңесі сайлауына дауыс беріп тұрып. Иранда эксперттер мәжілісінің Иран рухани көсемін тағайындап, ауыстыруға құзыреті бар.

Тегеран әлемдік державалармен ядролық келісім жасасқаннан кейін Иранда сайлау бірінші рет өтіп отырғандықтан бұл сайлауды кейбіреулер ядролық келісім бойынша референдум ретінде қарастырады. Иран президенті Хассан Роухани келісім жасасуға тырысып, Батыс елдері экономикалық санкцияларын алып тастаса оның экономикалық пайдасы қарапайым азаматтарға да білінеді деген.

Реформа мен демократиялық өзгерістерді жақтаушылар мен ұстанымы Роуханидің саясатымен үндес кандидаттар бұл сайлауда ядролық келісім жасап, Батыс елдерімен қарым-қатынас орнатуға қарсы, қатаң саясатты жақтаушылармен бәсекеге түседі.

XS
SM
MD
LG