Accessibility links

Ресей: Кеніштегі апаттан 4 адам қаза тапты


Воркут қаласындағы "Северная" шахтасы, Ресей.
Воркут қаласындағы "Северная" шахтасы, Ресей.

Ресейдің Воркут қаласында "Северная" шахтасында болған апаттан қаза тапқандар саны төрт адамға жетті. Ресей төтенше жағдайлар министрі Владимир Пучковтың айтуынша, апат болған сәтте шахтада 110 адам болған. Олардың 80-і жер бетіне шығып үлгерген. Қалған 26 адамның тағдыры әлі белгісіз.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шахтада метан газы жарылып, тау жынысын құлауына және өртке себеп болған. Оқиға орнында тәулік бойы құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір апат себебін тергеу басталды.

XS
SM
MD
LG