Accessibility links

Полковник Халимовтың "әйелі" де Сирияға кеткені хабарланды


Тәжікстан ішкі істер министрлігі арнайы милиция жасағының бұрынғы қызметкері Гулмурад Халимов.
Тәжікстан ішкі істер министрлігі арнайы милиция жасағының бұрынғы қызметкері Гулмурад Халимов.

Тәжікстан кеден қызметінің баспасөз хатшысы Хумайро "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының қатарына өту үшін Сирияға кетіп қалғаны хабарланды. Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, төрт баланың анасы, кеден қызметінің капитаны Хумайро Мирова өткен жылы ИМ құрамына өткенін жариялаған милиция полковнигі Гулмурод Халимовтың әйелі болуы мүмкін.

Кеден қызметі бүгін Азаттыққа Мирова сегіз ай бұрын декретті демалысқа шығып, содан бері хабарсыз кеткенін хабарлады. Тәжік билігінің ұйғарымынша, Халимовтың "әйелі" онымен бірге Сирияда жүр.

Бұған дейін ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген Хумайро Мирова Халимовпен 2008 жылдан бері таныс болған делінеді. Халимов ол кездері министрліктің арнайы милиция жасағында қызмет еткен.

2015 жылы мамырда интернетте Халимовтың ИМ-ге қосылғанын жариялайтын видео таралған. Тәжікстанда Халимовқа іздеу жарияланған.

XS
SM
MD
LG