Accessibility links

Ресейде Немцовты еске алу шаралары өтеді


Борис Немцов.

Борис Немцов.

Бүгін Борис Немцовтың қастандықпен қаза тапқанына жыл толды. Ресейлік оппозициялық саясаткерді 2015 жылы 27 ақпан күні Мәскеуде, Кремль маңында белгісіз біреулер атып кеткен еді.

Борис Немцовты еске алу шаралары Мәскеуде және Ресейдің басқа да қалаларында пикет, шеру және басқа да акциялар түрінде өтпек. Мәскеуде Немцовты еске алу шарасын оның ПАРНАС партиясындағы серіктері Бульвар айналмасында марш түрінде ұйымдастырмақ.

Төменгі (Нижний) Новгород қаласында жергілікті билік шеруге рұқсат бергісі келмеген болатын. Алайда акция қаланың орталығында өтетіні хабарланды. Шараға Төменгі Новгород мэрі Иван Карнилин қатысуға уәде берген. Ол бұл әрекетін "Немцов аймақ губернаторы болған кезінде көп игі жұмыстар атқарды" деп түсіндірген. Немцовты еске алу шаралары Петербургте, Новосибирскіде, Самарада және Ресейдің басқа да қалаларында, шетелдерде, соның ішінде Киевте өтеді.

Немцовты өлтірді деген күдікпен былтыр наурыз айында Шешенстанның бес тұрғыны ұсталған. Қастандыққа тапсырыс берушіні тергеу анықтай алмады.

XS
SM
MD
LG