Accessibility links

Украинада Ресей жүк көліктерін жүргізбеу жалғасты


Блокаданы ұйымдастырушылар көлігіндегі жазу. Украина, Закарпатье облысы, 13 ақпан 2016 жыл.

Блокаданы ұйымдастырушылар көлігіндегі жазу. Украина, Закарпатье облысы, 13 ақпан 2016 жыл.

Жалпыукраиналық "Свобода" (Азаттық) бірлестігінің мүшелері жұма күні Украина территориясында Ресей жүк көліктерін жүргізбей қою шарасын қайта жалғастырған.

Украинаның LB.ua басылымының жазуынша, "Доманово" өткізу пунктінде белсенділер Ресей жүк көлігін тоқтатқан. "Свобода" бірлестігі өкілдері Черновицкий облысындағы "Порубное" кеден бекетіне де келген. Львов облысындағы Стрый қаласына да Ресей жүк көліктеріне кедергі келтірілген. Закарпатье аймағында белсенділер Верецкий асуында тұр.

Бұған дейін Ужгород белсенділері Ресей жүк көліктерін бөгеу акцияларын тоқтатындарын мәлімдеген еді. Көлік блокадасын ұйымдастырған Николай Марчишак пен Тарас Деяк Украинаның экономикалық мүдделеріне зиян тигізуді қаламайтындарын айтқан. Марчишак көлік-тасымал саласында мыңдаған украиналықтар жұмыс істейтінін мәлімдеген еді.

Сол күні Украинаның инфрақұрылым министрі Андрей Пивоварский Украина блокада кесірінен еуразиялық транзит рөлінен айырылып қалатынын ескерткен еді.

Ресей мен Украина арасындағы көлік қатынастарының қалпына келтірілетінін екі тарап та 25 ақпан күні мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG