Accessibility links

Оралмандар қоныстанатын өңірлер қайта бекіді


Қазақстанға көшіп келген оралман отбасы. (Көрнекі сурет)
Қазақстанға көшіп келген оралман отбасы. (Көрнекі сурет)

ҚазАқпарат және ҚазТАГ агенттіктерінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыратын аймақтардың тізімін қайта бекіткен.

Үкімет қаулысы бойынша оралмандарды қоныстандыратын өңірлер ретінде Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары анықталған.

Ал қоныс аударушыларды қабылдайтын өңірлер Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары деп анықталған.

Қаулыда үкіметтің «оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» 2014 жылғы 20 наурыз бен 8 шілдедегі қаулыларының күші жойылатыны айтылған.

2014 жылғы наурыздағы қаулыда оралмандарды қабылдайтын жеті облыс қана (Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан) аталған, ал шілде қаулысында ол тізімге елдегі 14 облысты түгел қосқан еді.

XS
SM
MD
LG