Accessibility links

Сирияда бітім сақталып тұр


Сирияда жүрген Қызыл Крест қызметкері. (Көрнекі сурет)
Сирияда жүрген Қызыл Крест қызметкері. (Көрнекі сурет)

Сириядағы бітім жұмаға ауған түні күшіне енді. Бұл туралы Сириядағы ақпарат құралдары хабарлады.

Женевада сөйлеген БҰҰ-ның Сирия бойынша үйлестірушісі Стаффан де Мистура қарсы тараптар Дамаскіде және оның маңында атысуды тоқтатты деп хабарлады. Сирия үкіметі мен жүзге жуық оппозициялық топтар бітімді сақтау ниеттері бар екенін мәлімдеген.

Жергілікті бақылаушылар әзірге ешқандай атыс я шабуыл болмағанын айтады. Бітім сағат басталғанға дейін оппозиция өкілдері өз шебіне әуе шабуылдары жасалатын болса, бітім шарттарын сақтамайтынын айтып келген еді. Мистураның сөзіне қарағанда, Мәскеудегі, Вашингтон, Амман және Женевадағы арнайы үйлестурі орталықтары бітімді бұзғандар туралы ақпарат жинап отырмақ. Бұл ақпараттар АҚШ пен Ресейге берілетін болады. Олар бейбіт процестің демеушілері саналады.

Бітім күшіне енерден бір сағат бұрын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бітімді сақтау туралы қарар қабылдады.

АҚШ президенті Барак Обама бейсенбі күні тараптардың бітімді сақтауға деген әзірліктерін олардың келіссөзге дайындығы деп есептеуге болатынын мәлімдеген. АҚШ президенті бітімнің сақталуы Сирия үкіметі мен Ресейдің қолында екенін айтты.

Стаффан де Мистура оппозиция мен үкіметтің бейбіт келіссөздері 7 наурызда Женевада басталуы мүмкін екенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG